«Астана» сапына қосылған гамбиялық ойыншы қазақстандық клубқа бейімделуі қалай жүріп жатқанын айтты
«Астананың» гамбиялық шабуылшысы Дембо Дарбо клубтың баспасөз қызметіне Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы күндері, командамен танысу және алдағы мақсаттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Дембо, командадағы алғашқы күндерің қалай өтіп жатыр? Сені командада қалай қарсы алды?
– Өте жақсы және мейірімді. Мен мұнда өзімді үйдегідей сезінемін. Осында болғаныма өте қуаныштымын.
– Клубқа келгеніңде бапкер не деді?
– Біз футболға қатысты барлық нәрсе туралы сөйлестік. Ол маған қалай жұмыс істеу керектігін, мақсатқа жету жолын айтты.
– «Астанада» алдыңызға қандай мақсаттар қойдың?
– Клуб үшін барымды саламын. Мен «Астана» үлкен клуб екенін білемін. Мұнда тамаша футболшылар ойнайды және мен осы команданың бір бөлігі болып, алға қойған мақсаттарымызға жету үшін бәрін жасағым келеді.