Щеткин Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Щеткин Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин ҚПЛ клубтарының біріне оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Оған қазақстандық клубтардан ұсыныс түскен, ойыншы қазіргі командасынан кеткісі келеді.

«Клуб 31 жастағы ойыншыны тегін жібере ме әлде барлық келісімшартты орындауға мәжбүр ете ме белгісіз. Щеткинге өз елінен ұсыныс түсті», - деп жазады дереккөз.

Щеткин қазір ресейік «Кубань» сапында доп теуіп жүр, аталған команда сапында 9 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или