«Ақтөбеде» әлі күнге дейін жалақы мен сыйақылар төленбеген
«Ақтөбе» клубының футболшылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері айлығын ала алмай келеді.
Meta-ratings.kz мәліметінше, клуб барлық қарызын былтыр жылдың соңында жабуды жоспарлаған. Аймақ басшысы қарыздан құтылу үшін қосымша қаржы бөлуге уәде берген. Алайда әлі күнге дейін футболшылар, жаттықтырушылар мен қызметкерлер айлықтан бөлек, демалыс ақшасы мен сыйақыларын алмаған.
Бұған қоса, клубқа қарасты футбол орталығы мен футзал командасының ойыншылары мен бапкерлері де ақшасыз отыр.
Әзірге клуб тарапынан бұған қатысты ешқандай ақпарат шықпады. Қарызды қашан жабатыны да белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или