Ресейлік клубқа ауысқан футболшы «Қайратқа» алғыс айтты

Ресейлік клубқа ауысқан футболшы «Қайратқа» алғыс айтты

Камерундық қорғаушы Маки Баняк Алматының «Қайратынан» ресейлік Нижний Новгородқа ауысуы үшін келісімге келген барлық тараптарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған сенім білдіргені үшін Нижний Новгородқа рахмет. Мен ілгерілеуге үлкен ықыласпен келдім, бірақ бәрінен бұрын ойыннан ләззат алу және клубқа бар күшімді беру. Осы келісім үшін агенттеріме және Қайратқа рахмет. Енді жұмысқа оралайық», - деп жазды ойыншы Instagram парақшасында.

Маки Баняк «Қайраттан» Нижний Новгородқа 2023 жылдың маусымына дейін жалға берілді. Келісімде клубтың ойыншы сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или