Зайнутдинов ЦСКА-ның «Алания» командасын ойсырата жеңуіне үлес қосты

Зайнутдинов ЦСКА-ның «Алания» командасын ойсырата жеңуіне үлес қосты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін мәскеулік ЦСКА Владикавказдық «Аланияға» қарсы өткен бақылау матчында ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ЦСКА» қарсыластарының қақпасын алты гол соқты. Федор Чалов хет-трик жасаса, Иван Обляков, Алексей Сливин және Антон Заболотный бір-бір голдан соқты.

Бұл ойында Бактияр Зайнутдинов негізгі құрамда шығып, 59 минутты алаңда өткізді. Қазақстандық ЦСКА-ның үшінші голы соғылған кезде нәтижелі пас авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или