«Қайсар» үшінші жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады
«Қайсар» футбол клубы Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қызылордалық клубтың баспасөз қызметі жариялаған тізімге 24 ойыншы енді.
Қақпашылар: Нұрымжан Салайдын, Степан Сикач, Нұрмат Сарсенов
Қорғаушылар: Елжас Сарбай, Әділет Кеңесбек, Абылайхан Төлегенов, Жоао Педро, Бен Азиз Загре, Виталий Приндета, Қуаныш Қалмұратов, Проспер Менди
Жартылай қорғаушылар: Василий Совпель, Дмитрий Бородин, Шохрух Абдурахманов, Горон Милойко, Дидар Жалмұқан, Бекзат Құрманбекұлы, Мағжан Бауыржан, Руслан Сахалбаев, Өркен Махан, Данияр Әлімжан
Шабуылшылар: Нұрдәулет Әмірбек, ЕлжасАлтынбеков, Бақдәулет Зульфикаров.
Айта кетейік, «Қайсар» үшінші оқу-жаттығу жиынында төрт жолдастық матч өткізеді. Олар босниялық «Железничар», украиналық «Металлист-1925», ресейлік «Факел» және «Химки» болады. Ойындар 5-17 ақпан аралығында өтеді.