Қазақстандық футболшы Беларусьтің бірінші лигасында өнер көрсетеді
Қазақстандық шабуылшы Ерсұлтан Төреқұл белорусиялық «Белшинада» оқу-жаттығу жиынында жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты
Футболшы арқасынан жарақат алып, командаға қосыла алмады. Қазір Минскіде емделіп жатыр.
Емделу курсын аяқтаған соң футболшы Беларусь бірінші лигасының клубы – Дзержинскінің «Арсеналына» аттанады.
23 жастағы футболшы бұған дейін «Астана-М», «Алтай», «Ясы», «Қыран» және «Жас сұңқар» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол Екінші лиганың 23 матчында 24 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или