Дани Алвестің әйелі ажырасуға арыз берді
Бразилиялық футболшы Дани Алвестің әйелі Джоана Санс футболшымен ажырасуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы қыз зорлады деп айыпталғаннан кейін қамауға алынды. Дани Алвестің өзі барлығы өзара келісім бойынша болғанын айтты, бірақ бастапқыда ол опасыздық фактісін жасырғысы келгендіктен жәбірленушімен кез келген байланысын жоққа шығарды. Футболшының әйелі қыздың берген куәлігіне еш күмәнім жоқ деп отыр. Енді ол ажырасуға арыз берді, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі барлық бірлескен фотосуреттерді жойды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или