Дания құрамасы көшбасшыларының бірі наурыз айында Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

Дания құрамасы көшбасшыларының бірі наурыз айында Қазақстан құрамасына қарсы ойнамайды

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен ауыр жарақат алып, Астанада өтетін Еуро-2024 іріктеу додасында Қазақстанға қарсы ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Англия Кубогының «Ман Юнайтед» пен «Рединг» арасындағы ойынның 57-минутында ауыстырылған даниялық ойыншы Энди Кэрроллдың соққысынан кейін тобық жарақатын алды.

Эриксен алаңға сәуір аяғында немесе мамырдың басында оралуы мүмкін.

Еске салайық, 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Дания матчы 26 наурызда Астанада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или