«Оқжетпес» украиналық жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

«Оқжетпес» украиналық жартылай қорғаушымен келісімшартқа отырды

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубы украиналық жартылай қорғаушы Иван Брикнермен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иван футболдағы мансабын туған жерінде, Украинада бастады.

Ол өзінің бүкіл мансабында «Сумы», «Олимпик» (Донецк), «Рух», «Львов» сияқты клубтарда өнер көрсетті.

Оның соңғы клубы талдықорғандық «Жетісуда» 23 матч өткізіп, 5 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или