Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында жеңіске жетті

Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында жеңіске жетті

«Моленбек» Бельгия Бірінші лигасының 20-турында «Льерс» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен аяқталды.

«РВД Моленбек» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский алаңға негізгі құрамда шығып, толық матч өткізді.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін «РВД Моленбек» 40 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр.

«Льерс» — «Моленбек» 1:2

Гол соққандар: Максим Деланге (автогол), Джейк О′Брайен — Йенс Нэссенс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или