РПЛ клубы «Астана» және «Мақтааралмен» жолдастық кездесу өткізеді
Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін Мәскеу облысының «Химки» командасы Түркиядағы қысқы оқу-жаттығу жиынында екі қазақстандық клубты спарринг серіктестерінің қатарына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Химки» баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 ақпан күні Астана уақытымен 14:00-де олар Түркияда атакенттік «Мақтааралмен», ал 17 ақпанда Қазақстанның қазіргі чемпионы «Астанамен» ойнайды. Матч Астана уақытымен 20:00-ге жоспарланған.
«Химки» Ресей чемпионатының күзгі бөлімінің қорытындысы бойынша активінде 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или