Бабаян «Астана» – ЦСКА матчы туралы айтты

Бабаян «Астана» – ЦСКА матчы туралы айтты

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында софиялық ЦСКА командасымен өткен жолдастық матч нәтижесіне тоқталып, Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ұзақ үзілістен кейін біз бірінші сынақ матчын өткіздік, қарсыласымыз өте жақсы команда, Болгария чемпионатының көшбасшысы. Жақсы матч өткіздік, бұл оқу-жаттығу жиынында негізінен физикалық дайындыққа назар аудардық және оны бақылау матчымен бекіткіміз келді. Жігіттер бір таймнан ойнады. Тек ауа райының бұзылғаны болмаса, бастысы лайықты қарсыласпен кездестік. Ұйымдастыру жағынан бірінші матч үшін жақсы ойын болды. Маған ұнамағаны, гол соғатын мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмағанымыз, бірақ біз қорғаныста жинақы ойнадық.

Клубқа жаңадан келгендер мен қайта оралған Жарко Томашевичтің ойынын қалай бағалар едіңіз?

– Жаңадан келгендер, жалпы команда сияқты, қазіргі физикалық жағдайы мен осы құрамда ойнамағанын ескерсек, жақсы ойын көрсетті. Әрине, біз әлі де жан-жақты жетілдіре түсуіміз керек, көптеген құрамдас бөліктерді әлі де пысықтап, дамыту керек, бұл үшін алда уақыт бар.

Енді бірнеше күн демалып, 1 ақпанда келесі оқу-жаттығу жиынына жиналамыз. Бірнеше бақылау матчын өткізу жоспарда бар, бірақ басымдық командалық әрекеттерді, тактикалық элементтерді және өзара түсіністікті құруға беріледі. Алда көп жұмыс бар, әр ойыншы тек дами түседі деп сенеміз. «Астананың» лайықты команда екенін, үлкен мақсаттар қойып, жете білетін лайықты клуб екенін білген жөн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или