Қазақстан футболдағы легионерлерге жаңа лимит енгізді
2023 жылғы маусымнан бастап ҚПЛ-дағы шетелдік ойыншыларға шектеу өзгереді, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚФФ Атқару комитетінің мүшелері ПФЛК өтінішін қарап, жаңа шешім шығарған. Жаңа маусымнан бастап ҚПЛ клубтары бір мезгілде 7 шетелдік ойыншыны алаңға шығара алады. Бұл шектеу ЕАЭО-ға кірмейтін елдердің (Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Армения) азаматтарына қатысты екені нақтыланды.
Бұған дейін сырттан келген ойыншылар үшін шекті алаңда 6 ойыншыға дейін болатын. Өтінімдегі легионерлер саны өзгеріссіз қалды – сегіз шетелдік.
Бұл ретте клубтар ақылы негізде легионерлерді қосымша жариялай алады, ал түскен қаражат Қазақстанда жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсалады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или