Жартылай қорғаушы Рамазан Оразов «Ақсу» ФК ойыншысы атанды
«Ақсу» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рамазан «Қайраттың» тәрбиеленушісі. Алматылық команда құрамында 2018 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алған. Сондай-ақ, Оразовтың қызметтік тізімінде «Даугавпилс», «Чайка» және «Ақтөбе» сияқты клубтар бар.

2022 жылғы маусымда хавбек «Ақтөбе» үшін 22 матч өткізіп, клубқа КПЛ күміс медальдарын женуге, сондай-ақ УЕФА Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті. Сондай-ақ, Рамазан өз ойынымен Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының құрамында айқын көрінді.
Рамазан Оразов
Туған күні: 30 қаңтар 1998 жыл
Азаматтығы: Қазақстан
Амплуа: Жартылай қорғаушы
Бойы: 176 см