«Тобыл» ойыншысы Еуропа чемпионатына ауысты
Сербиялық футболшы Зоран Тошич қостанайлық «Тобылдан» кеткен соң жаңа команда тапты.
Грекияның «ПАС Ламия» командасы әлеуметтік желіде Зоран Тошичті ресми түрде таныстырды.
Қостанайлық команда сапында Тошич 50 кездесуде 11 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді, Қазақстан чемпионы, сонымен қатар ел Суперкубогының иегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін сербиялық ойыншы венгриялық Дебреценнің ойыншысы атануы мүмкін деген ақпарат болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или