ҚПЛ үш клубы маусым алдында алты ұпайынан қағылуы мүмкін
ҚФФ мен ҚКФЛ петропавлдық «Қызыл-Жар», көкшетаулық «Оқжетпес» және талдықорғандық «Жетісуға» санкция салуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СпортРадар» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, бұл клубтар маусымды минут 6 ұпаймен бастауы мүмкін.

Бұл ретте «Каспийден» ұпай алынбайды, дегенмен маусымның басында ол да өз алаңындағы матчтарды «Жас Қанат» стадионында өткізе алмайды және қонақтарды Алматыда қабылдайды.
Өйткені, ақтаулық клубқа өз стадионын пайдалануға тікелей тыйым салынбаған, ал аренаны қайта жөндеу «Каспийдің» өз бастамасы болғандықтан, ақтаулықтарға санкция салынбайды.
Бірақ «Қызыл-Жар», «Оқжетпес» және «Жетісу» жазаланды, олардың ареналары лицензия ала алмады. Шегерілген ұпайлар инфрақұрылым талаптары орындалғаннан кейін ғана қайтарылады.

Еске салайық, «Жетісуден» қосалқы алаң жағдайы нашар болуына байланысты қатарынан екі жыл үш ұпайынан айырылған.
Фото ашық дереккөздерден