Мбаппе Франция чемпионатында айдың үздік ойыншысы атанды

Мбаппе Франция чемпионатында айдың үздік ойыншысы атанды

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатында қараша және желтоқсан айларының қорытындысы бойынша үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 24 жастағы К.Мбаппе Франция футболшылары кәсіподағының сайтында жүргізілген дауыс беруде озып шыққан.

Қараша мен желтоқсанда Килиан өзінің командасы өткізген үш матчқа қатысып, екі гол соқты. Кристоф Галтьенің шәкірттері бұл ойындарда жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или