Анатолий Тимощук: «Әдемі жеңіске қол жеткіздік»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Қайрат» футбол клубының жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук армениялық «Алашкертпен» (3:0) өткен ойын жайлы айтып берді, деп хабарлайды <a href="http://prosportkz.kz/">«PROСПОРТ»</a>.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Менің ойымша, әдемі жеңіске қол жеткіздік. Бірнеше гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды. Әйтсе де, нәтижеге көңілім толды. Мақсатымыз бұрынғыдай – Еуропа лигасының топтық кезеңі шығу. Сол үшін қарымта кездесуге тыңғылықты дайындалып, жеңіске жетуге тырысамыз. 3:0 есебі бас бапкердің көңілінен шықты деп ойлаймын, - деді Тимощук. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или