OCTAGON 39: Негізгі кардта өнер көрсететін тағы бір жұп анықталды

Еуразиялық жекпе-жек промоушені OCTAGON 39 турнирінің негізгі кардында өнер көрсететін кезекті жұпты жариялады, деп жазады Prosports.kz
65,8 келіге дейінгі салмақта Өзбекстан өкілі Ибрат Абдумухитов (3-1) пен әзербайжандық Гадир Муслинзаде (6-4) кездеседі.
Айта кетейік, Еуразиялық жекпе-жек промоушенінің 2023 жылғы алғашқы турнирі 21 қаңтарда Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Азат Мақсум (15-0) бразилиялық Фабрисио Нуньеспен (8-0) кездеседі.
Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы