«Ақтөбе» польшалық командамен жолдастық матч өткізеді

«Ақтөбе» футбол клубы Польшаның «Погонь» командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы польшалық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Матч 13 қаңтарда өтеді.
Кездесу қазақстандық команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді.