«Қайсар» - «Сампдория» матчының трансляциясы
Қызылордалық «Қайсардың» Италия А сериясының «Сампдория» командасына қарсы бақылау матчының өтетін уақыты анықталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
<span>«Қасқырлардың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу Түркияның Анталия қаласында 23 желтоқсан күні Астана уақытымен 14:00-де басталады.</span>
2022/2023 маусымында «Сампдория» 15 матчтан кейін 6 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде 19-орында тұр. «Қайсар» бірінші лига командалары арасында Қазақстан-2021 чемпионатында екінші орын алып, Қазақстан чемпионатының жоғарғы дивизионына оралды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или