Иранда футболшы өлім жазасына кесілді деген ақпарат жоққа шығарылды
Иранның Колумбиядағы елшілігі футболшы Амир Наср Азаданидің наразылық акцияларына қатысқаны үшін өлім жазасына кесілді деген ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы La Opinion ақпарат көзі хабарлады.
«Ирандық футболшының өлім жазасына кесілгені туралы жалған ақпарат. Сот әлі болған жоқ. Сондықтан өлім жазасы туралы хабар – таза өтірік».
Елшілік сонымен қатар Азадани үш полицейді өлтіру бойынша қылмыстық іс бойынша бесінші айыпталушы екенін түсіндірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или