Тоқаев Қатар әмірін футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін құттықтады

Тоқаев Қатар әмірін футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді футболдан әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастыруымен құттықтады. Бұл жаһандық спорттық шара Қатардың дамыған әрі бейбітсүйгіш ел ретінде әлеуеті мол екенін паш етті», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын жоғары бағалады. Осы ретте Қатар Әмірінің жуырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асырудың маңызды екені атап өтілді.

Әңгімелесу барысында екіжақты сауданы жандандыру және экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттігі жөнінде айтылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің нәтижесінде Қатар Қазақстандағы ең ірі он инвестордың қатарына кіретініне сенім білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или