Ресейлік қорғаушыға ҚПЛ-дың екі клубы қызығушылық танытып отыр

Ресейлік қорғаушыға ҚПЛ-дың екі клубы қызығушылық танытып отыр

ФНЛ с Ильевым телеграм-арнасы таратқан ақпаратқа сенсек, «Ақтөбе» мен «Ақсу» ресейлік қорғаушы Шамиль Гасановқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

«Орталық қорғаушы Шамиль Гасанов (11 матч, 1 гол) мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Оған «Ақтөбе» мен «Ақсу» қызығушылық танытып отыр», - деп жазды дереккөз.

Алайда «Ақтөбенің» бас бапкері Андрей Карпович бұл ойыншыға деген қызығушылық танытқанын жоққа шығарды. 

«Ақсу» футбол клубы қазірше ешқандай реакция білдірген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или