Әлем чемпионаты: Франция құрамасының ойыншылары қанша сыйақы алды

Әлем чемпионаты: Франция құрамасының ойыншылары қанша сыйақы алды

RMC Sport басылымы футболдан Франция құрамасының 2022 жылғы әлем чемпионатында қанша табыс тапқанын хабарлады, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Франция футбол федерациясы құрама әлем чемпионатының финалына шыққаны үшін 29 млн еуро алды. Ал әлем чемпионатының жеңімпазы – Аргентина құрамасы 41 млн еуро алды.

Франция футбол федерациясы аталған соманың 30 пайызын құрама ойыншылары, бапкерлері және қызметкерлеріне берді. Демек Франция құрамасының әрбір мүшесі 288 000 еуро алды. Федерация жүлденің қалған 70 пайызын өзіне қалдырып, әуесқой футболды ұйымдастыру мен дамытуға жұмсайды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны жеңіп (3:3, пенальти сериясында 4:2) әлем чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или