Месси - 2022 жылы әлем чемпионатының үздік ойыншысы

Месси - 2022 жылы әлем чемпионатының үздік ойыншысы

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлем чемпионатында Месси сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Аргентиналық топтық кезеңде Сауд Арабиясы (1:2) мен Мексика (2:0) қақпасына гол соқты. Ал плей-офф кезеңінде Лионель Аустралия (2:1), Нидерланды (2:2, пенальти бойынша 4:3), Хорватия (3:0) және Франция (3:3, пенальти бойынша 4:3) қақпасын дәл көздеді. Шабуылшы 11 метрлік айып добынан төрт гол соқты.

Аргентина құрамасы әлем чемпионатында үшінші рет топ жарды. Бұған дейін аргентиналықтар 1978 және 1986 жылдары турнирде жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или