Аргентина құрамасы әлем чемпионы атанды

Аргентина құрамасы әлем чемпионы атанды

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамасы кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық кездесу 3:3 есебімен тең аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Аргентина құрамасы жеңіске жетті.

Аргентина бірінші таймда 2 гол соғып, 80-минутқа дейін осы есепті ұстап тұрған. Бірақ 80, 81-минутта Килиан Мбаппе қос гол соғып, есепті теңестірді.

Ойынға қосылған қосымша уақытта қос құрама тағы бір-бір голдан соқты.

Ал пенальти сериясында Аргентинаның жолы болды. Сериядағы есеп - 4:2.

ӘЧ-2022. Финал.

Аргентина – Франция – 3:3 (2:0)

Гол соққандар: Месси 23 (1:0), Ди Мария 36 (2:0), Мбаппе 80 (2:1), Мбаппе 81 (2:2), Месси 109 (3:2), Мбаппе 118 (3:3)

Төреші: Марчиняк (Польша)

18 желтоқсан. Доха. «Лусаил Айконик» стадионы. 88 966 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или