Мбаппе — Роналдодан кейін әлем чемпионатының финалында дубль жасаған алғашқы ойыншы
18 желтоқсанда Лусаил қаласында Аргентина мен Франция құрамалары арасында 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны өтті, деп жазады Prosports.kz.
79-минутқа дейін Аргентина құрамасы 2 гол айырмашылығымен алда тұрған, бірақ кейін француз шабуылшысы Килиан Мбаппе екі минуттың ішінде екі гол соқты.
Осылайша, Мбаппе 2002 жылы бразилиялық Роналдо Германия қақпасына екі гол соққаннан бері әлем чемпионатының финалында дубль жасаған алғашқы ойыншы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или