Месси әлем чемпионатында ең көп матч өткізген футболшы атанды

Месси әлем чемпионатында ең көп матч өткізген футболшы атанды

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы кездесулер саны бойынша рекордсмен атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы футболшы Франция құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында негізгі құрамда шықты. Бұл матч Месси үшін әлем чемпионаттарындағы 26-шы матч болды (2006, 2010, 2014, 2018, 2022).

Бұған дейін әлем чемпионатындағы ойын рекорды Германия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Лотар Маттеуске (25 кездесу) тиесілі болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или