Бензема Дешам мен дәрігердің кесірінен Франция құрамасымен байланысын үзді

Бензема Дешам мен дәрігердің кесірінен Франция құрамасымен байланысын үзді

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Карим Бензема Франция құрамасымен барлық байланысын үзді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы L'Equipe басылымы хабарлады.

«Алтын доптың» қазіргі иегері Францияның Дохадағы алғашқы жаттығуы кезінде алған жамбас жарақатына байланысты Катардағы турнирді толық өткізіп алды. Нәтижесінде Бензема ұлттық құрамадан кеткен еді.

Дереккөздің хабарлауынша, Бензема командада қалып, жарақатының қалай өрбитінін көргісі келген. Бірақ бас бапкер Дидье Дешам мен дәрігер Франк Ле Галл мұны қаламаған.

Айта кетейік, 15 желтоқсанда «Реал Мадрид» өзінің оқу-жаттығу базасында «Леганеспен» (1:1) жабық жолдастық кездесу өткізіп, оның алғашқы 30 минутында Бензема ойнады.

2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны Аргентина - Франция 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или