ӘЧ: Қола медаль үшін өтетін Хорватия - Марокко матчының тікелей трансляциясы

ӘЧ: Қола медаль үшін өтетін Хорватия - Марокко матчының тікелей трансляциясы

17 желтоқсанда Дохада 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында үшінші орын үшін матч өтеді, онда Хорватия құрамасы Марокко құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хорватия құрамасы екінші рет қатарынан әлем чемпионатының финалына шығуды көздеген, бірақ жартылай финалда Аргентина құрамасынан 0:3 есебімен ұтылды.

Марокко 1/2 финалда француздарға 2:0 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, қос құрама топтық кезеңде кездесіп, 0:0 есебімен тең тарасқан еді.

Хорватия - Марокко матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:00-де басталады. Қазақстанда оны Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или