Михайлович қайтыс болғаннан кейін А сериясының клубы матчтын кейінге қалдырды

Михайлович қайтыс болғаннан кейін А сериясының клубы матчтын кейінге қалдырды

Болонья ресми сайтында команданың бұрынғы бас бапкері Синиша Михайловичтің қайтыс болуына байланысты матчтың өтпейтінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

17 желтоқсанда «Болонья» словениялық «Горицамен» жолдастық ойын өткізуі керек еді, бірақ итальяндық клубтың басшылығы мен бапкерлер штабы ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады. Матчтың орнына команда ойыншылары жабық есік жағдайында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Синиша Михайлович футболшы ретінде «Бораво», «Войводина», «Црвена Звезда», «Рома», «Сампдория», «Лацио» және «Интер» командаларында өнер көрсеткен.

Синиша Михайлович 2008 жылдан 2009 жылға дейін және 2019 жылдан 2022 жылға дейін «Болоньяны» жаттықтырды.

Сондай-ақ «Интер», «Катания», «Фиорентина», «Сампдория», «Милан», «Торино», «Спортинг» командаларында жұмыс істеді, 2012 жылдан 2013 жылға дейін Сербия құрамасын жаттықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или