Роналду «Реал Мадридтің» базасында екінші күн қатарынан жаттығып жатыр
Криштиану Роналду бүгін «Реал Мадридтің» базасында тағы да жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
DAZN журналисі Серхио Квиранте мәліметінше, шабуылшы мадридтік клубтың базасына келген. Осылайша, Роналду «Реал Мадрид» базасында екінші күн қатарынан жаттығып жатыр. Кеше португалиялық футболшы жаттығу алаңдарының бірінде, мадридтік ойыншылардан бөлек жұмыс істеді.
Бұған дейін Роналдудың Флорентино Перестің рұқсатымен «Реал Мадрид» базасында жаттығып жатқаны хабарланған болатын.
37 жастағы шабуылшы қарашада «Манчестер Юнайтед» сапынан кетіп, қазір еркін агент атанған.
Роналду «Реалда» 2009 жылдан 2018 жылға дейін ойнады, екі рет Ла Лига мен Испания кубогын, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп, басқа да жүлделерге ие болған.