Месси мен Мбаппе Goal нұсқасы бойынша әлем чемпионатының үздік ойыншылары қатарында
Goal басылымы әлем чемпионатының жартылай финалдық матчтары аяқталғаннан кейін үздік он ойыншысының жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.
Үздік үштік алдыңғы нұсқасымен салыстырғанда өзгеріссіз қалды: Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси көш басында, екінші және үшінші орындарда Франция құрамасының шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн.
Лионель Месси (Аргентина);
Килиан Мбаппе (Франция);
Антуан Гризманн (Франция);
Софьян Амрабат (Марокко);
Ашраф Хакими (Марокко);
Николас Отаменди (Аргентина);
Хулиан Альварес (Аргентина);
Оливье Жиру (Франция);
Бруну Фернандеш (Португалия);
Ришарлисон (Бразилия).
Рейтингтің кейінгі нұсқасымен салыстырғанда, үздік ондыққа аргентиналық қорғаушы Николас Отаменди, Мессидің командаласы Хулиан Альварес және Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру енді. 10 үздік ойыншының сегізі 2022 жылғы әлем чемпионатында медальдар үшін таласады.
17 желтоқсанда Хорватия мен Марокко үшінші орын үшін матч өткізеді, 18 желтоқсанда Аргентина мен Франция финалда ойнайды.