Франция — Марокко матчынан кейінгі жанкүйерлер жанжалында 14 жастағы бала қайтыс болды

Франция — Марокко матчынан кейінгі жанкүйерлер жанжалында 14 жастағы бала қайтыс болды

14 желтоқсанда әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңді, деп жазады prosports.kz.

RMC Sport хабарлауынша, Монпельеде болған жанкүйерлер жанжалында 14 жастағы жасөспірім қайтыс болды.

Франция құрамасының жанкүйерлері отырған көлікке белгісіз біреулер жақындап, терезеден шығып тұрған ұлттық құрама туын жұлып алуға тырысқан. Жүргізуші кенет жолдан шығып кетіп, 14 жасар баланы қағып кеткен. Жасөспірім алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или