Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына өтті
Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Франция мен Марокко құрамасы кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойында еуропалық құрама 2:0 есебімен жеңіске жетті. Француз футболшылары әр таймда бірден гол соқты.
Осылайша, Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты. Ақтық матчта олар Аргентинамен кездеседі.
ӘЧ-2022. ½ финал.
Франция – Марокко – 2:0 (1:0)
Гол соққандар: Эрнандес 5 (1:0), Муани 79 (2:0).
Төреші: Артуро Рамос (Мексика)
14 желтоқсан. Аль Хор. «Аль Байт» стадионы. 68 294 көрермен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или