Ресми: Нұралы Әліп «Зенит» футболшысы атанды

Ресми: Нұралы Әліп «Зенит» футболшысы атанды

Санкт-Петербургтік «Зенит» қазақстандық «Қайраттан» қорғаушы Нұралы Әліпті сатып алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы футболшымен келісім 2,5+1 схемасы бойынша жасалған.

Ақпан айынан бастап Әліп петерборлық клубта жалға ойнап, команда сапында сегіз кездесу өткізді.

«Нұралыны жаңа келісімімен құттықтаймыз, сізге футбол алаңында сәттілік және «Зенит» құрамында жаңа жүлделер тілейміз», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или