Месси әйгілі неміс футболшысының рекордын қайталады

Месси әйгілі неміс футболшысының рекордын қайталады

<span>Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты финалдық сатысында ойын көрсету жөнінен Лотар Маттеустың рекордын қайталады.</span>

<span>Дәл қазір 2022 жылғы әлем чемпионаты жартылай финалында Аргентина және Хорватия құрамалары ойнап, Аргентина финалға жолдама алды.</span>

<span>Аталған ойында Лионель Месси ұлттық құрама сапында аталған турнирдің финалдық сатысында 25 мәрте жасыл алаңға шықты. Осылайша ол неміс футболшысы Лотар Маттеустің көрсеткішін қайталады.</span>

<span>Бұл жөнінен үштікті 24 ойынмен германиялық тағы бір футболшы Мирослав Клозе түйіндеп тұр.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или