Месси әйгілі неміс футболшысының рекордын қайталады
Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты финалдық сатысында ойын көрсету жөнінен Лотар Маттеустың рекордын қайталады.
Дәл қазір 2022 жылғы әлем чемпионаты жартылай финалында Аргентина және Хорватия құрамалары ойнап, Аргентина финалға жолдама алды.
Аталған ойында Лионель Месси ұлттық құрама сапында аталған турнирдің финалдық сатысында 25 мәрте жасыл алаңға шықты. Осылайша ол неміс футболшысы Лотар Маттеустің көрсеткішін қайталады.
Бұл жөнінен үштікті 24 ойынмен германиялық тағы бір футболшы Мирослав Клозе түйіндеп тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или