Карпович «Ақтөбемен» келісімшарт мерзімін ұзартты
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, маманмен келісімшарт тағы бір жылға жасалды.
<span>41 жасар қазақстандық маман биыл мамыр айында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі жетінші орыннан екінші сатыға көтере білді.</span>
Андрей Карпович 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Қазақстанның үздік жаттықтырушысы» атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или