Рамазан Оразов: Еуропадан нақты ұсыныс бар
Осы жылы жұлдыздай жарқыраған қазақстандық футболшы Рамазан Оразов BOKEY YouTube арнасына сұхбат берді. Онда биылғы Қазақстан чемпионатын қорытындылап, карьерасын шетелде жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты. Prosports.kz осы сұхбаттың қызық жерлерін оқырман назарына ұсынуды жөн көрді.
- Рамазан, «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшарт аяқталды ғой?
- Дәл солай. Қазір еркін агентпін. Қай клубпен нақты келіссөз жүргізіп жатқаным қазірше құпия болып қалсын. Еуропадан нақты ұсыныс бар. РПЛ клубтары да, оның ішінде «Локомотив» қызыққанын естідім. Бірақ жеке өзіме ешкім хабарласқан жоқ. Мүмкін, агентіме шыққан шығар.
- Соңғы маусым жайлы айта кетсең.
- Астана чемпион болды. Бізге сәл ғана жетпей қалды. Осындай әділетсіздікке бірінші рет тап болдым. Әрине, өзгелерді ғана кінәлаудан аулақпыз. Талай мүмкіндікті пайдалана алмадық. Жалпы алғанда, клуб үшін соңғы жылдардағы сәтсіздіктен кейін екінші орын алу да жаман емес. Бұл менің жеке пікірім.
- Ең алғашқы жалақың қанша болды?
- «Қайраттағы» бірінші жалақым 250 мың теңге еді. Кейін алаңда өзімді көрсете бастаған соң 2 мың долларға көтерілді.
- «Ақтөбеде» қанша алдың?
- Анық айта алмаспын. 2 мың доллардан сәл көбірек болды.