Әлем чемпионаты - 2022: Ширек финалдың алғашқы матчтарының трансляциясы
Бүгін Катарда 2022 жылы өтетін әлем чемпионатында ширек финалдың алғашқы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен сағат 21:00-де Әл-Райанда Хорватия мен Бразилия құрамалары кездеседі. Өткен кезеңде Бразилия Оңтүстік Кореяны тас-талқан етсе, Хорватия Жапониядан пенальти сериясында жеңді.
Түнгі сағат 01:00-де Нидерланды құрамасы Лусаилде Аргентинамен бақ сынайды. 1/8 финалда Нидерланды АҚШ-ты ұтса, Аргентина Аустралиядан басым түсті.
Қазақстанда кездесулерді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или