Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын басқарады

Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын басқарады

Луис де ла Фуэнте Испания құрамасының бас бапкері болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Испания футболының корольдік федерациясына (RFEF) сілтеме жасап.

61 жастағы маман бұған дейін елдің жастар және жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған, Евро U-19 (2015), U-21 (2019) және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.

Де ла Фуэнтенің кандидатурасын RFEF директорлар кеңесі мақұлдау қажет. Жаңа бапкерді таныстыру 12 желтоқсанға жоспарланған.

Де ла Фуэнте 2022 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мароккодан жеңіліп қалған Испания құрамасының бапкері Луис Энрикенің орнына келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или