Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады

Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>Матч ТВ сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ұлттық құраманың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.

Азар үшін Бельгия құрамасындағы соңғы турнир Катардағы әлем чемпионаты болды, онда бельгиялықтар F тобынан шыға алмады. Команда Канаданы жеңіп (1:0), Мароккодан жеңілді (0:2) және Хорватиямен (0:0)тең түсті. 31 жастағы Азар турнирде 3 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекеттерімен көзге түспеді.

Азар ұлттық құрамада 2008 жылдан бері ойнап, 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Фото: BSR Agency / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или