Бранко Илич: «Астана» алдына биік мақсаттар қоятын тамаша клуб»

«Астананың» жаңа ойыншысы Бранко Илич клубтың ресми сайтының бірнеше сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Бранко, қош келдің!

- Рахмет!

- Жаңа ойыншыларға қойылатын дәстүрлі сұрақ – «Астанамен» нұсқа қалай пайда болды?

- Маған агентім қоңырау шалып, «Астанадан» ұсыныс түскенін айтты. Бұл алдына жоғары мақсаттар қоятын тамаша клуб екенін әлдеқашан білген болатынмын. Оған қоса, былтырғы

маусымның барлық матчтары бойы ойнаған «Партизанның» бірнеше мәселелері туындады. Клубтан кету керектігі туралы шешіміне келдім.

- Мәнсабыңды жалғастыру туралы басқа командалардан ұсыныстар болды ма?

- Иә, болды. Алайда, қазір бұл маңызды емес. Мен – «Астана» ойыншысымын.

- Келісімшарт мерзімі қанша уақытқа жасалған?

- Бір жылға.

- Жаңа командаластарыңмен танысып үлгердің бе?

- Иә, үлгердім. Оған қоса осы командада Максимович, Эрич бар. Олар маған көмектесті. Болашақта да олар маған тезірек бейімделуге көмектеседі деп ойлаймын.

- Бұрын қазақстандық футбол туралы естіп едің?

- «Астанамен» нұсқа пайда болған кезде, іздене бастадым бастадым. Қазақстанда бұрын ойнаған Борут Семлер маған ол клуб туралы көп айтып берді. Басқа да сербиялық ойыншылар да айтты. Барлығы мемлекет, адамдар туралы жылы сөздер айтты. Чемпионат та жоғары дәрежелі деп айтқан болатын.

- Оның үстіне Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді...

- Чемпиондар Лигасында да, Қазақстан чемпионатында да жаңа командама көмектесу үшін бар күшімді және тәжірибемді саламын.

Дереккөз: «Астана» ФК ресми сайты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или