Англия құрамасы ширек финалға шықты
Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия мен Сенегал кездесіп, еуропалық ұжым жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англия бұл матчта 3:0 есебімен ірі есеппен жеңді. 38-минутта Джорджан Хендерсон есеп ашты. Кейін бірінші таймның соңында Харри Кейн гол соғып, есепті еселеді.
Ал екінші таймда Букайо Сака ойын нүктесін қойды.
Осылайша, Англия құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Енді онда әлем чемпионы Франциямен кездеседі.
ӘЧ-2022. 1/8 финал.
Англия – Сенегал – 3:0 (2:0)
Голдар: Хендерсон 38 (1:0), Кейн 45+3 (2:0), Сака 57 (3:0)
Ескерту: Кулибали 76
Төреші: Бартон (Сальвадор)
4 желтоқсан. Әл-Хаур. «Эль-Байт» стадионы. 65 985 көрермен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или