Әлем чемпионатының басты фавориттері аталды
Катарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталғаннан кейін плей-офф кезеңіне өткен 16 команда ғана қалды. Букмекерлік кеңселер негізгі фавориттерді анықтады.
Сарапшылар Бразилия құрамасын негізгі фаворит деп санайды. 1/8 финалда олар Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойнайды.
Сондай-ақ үздік 5 фавориттер тізімінде Аргентина, Франция, Испания және Англия бар.
Айта кетейік, Бразилия құрамасы екі ойында жеңіске жетіп, бір ойында жеңіліске ұшырап, топтан бірінші орынмен шыққан.
Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. Бүгін алғашқы плей-офф ойындары өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или