Әлем чемпионаты: Нидерланды – АҚШ және Аргентина – Австралия матчының трансляциясы

Әлем чемпионаты: Нидерланды – АҚШ және Аргентина – Австралия матчының трансляциясы

3 желтоқсанда Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында плей-офф кезеңі басталады, деп жазады Prosports.kz.

Астана уақытымен сағат 21:00-де Дохадағы «Халифа Интернейшнл» стадионында Нидерланды мен АҚШ құрамасы кездеседі. Нидерланды құрамасы А тобында жеңімпазы атанса, америкалықтар В квартетінде екінші орын алды.

Елорда уақытымен сағат 01:00-де «С» тобының жеңімпазы Аргентина құрамасы мен «D» тобында екінші орын алған Аустралия құрамасы «Ахмед бин Али» стадионында кездеседі.

Қазақстанда екі кездесуді Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или