Быстровтың командасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді
Грозныйлық «Ахмат» клубының футболшылары мен жаттықтырушылар штабы қысқы оқу-жаттығу жиынына аттанады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ахмат» Түркияның Белек қаласында қысқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Бірінші жаттығу кезеңі 10 қаңтарда басталады. Команда үш оқу-жаттығу жиынын өткізеді, олардың арасында үш күн демалыс бар. Команда ақпан айының аяғында өтетін кубок матчы қарсаңында қысқы жаттығудан оралады», - деп жазады клуб.
Айта кетейік, «Ахмат» сапында қазақстандық қорғаушысы Марат Быстров өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или